Т.Бейсенқұлын еске алуға арналған республикалық турнир

17.06.2019
Т.Бейсенқұлын еске алуға арналған республикалық турнир
Ақтауда "ЖАҢА БУЫН" турнирі өтті

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Бейсенқұлы Темірханды еске алуға арналған қазақ күресінен 2004-2005, 2006-2007 және 2008-2009 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында "Жаңа буын" атты І Республикалық ашық турнирі өтті. Маңғыстау облысына кеңінен танымал қазақ күресінің ардагерін еске алу турниріне еліміздің барлық өңірінен балуандар қатысты.

Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы орардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел халық арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту, ҚР облыс, қала, аудан, ауылдарында ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде қазақ күресін дамытуды кеңінен насихаттау, Республикада қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу және халықаралық аренадағы беделін көтеру мақсатында өткен турнир қатысушылары өте тартысты күрес көрсетті.

Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы мен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған турнир ағымдағы жылдың 14-16 маусым аралығында "Маңғыстау - Арена" спорт кешенінде өтті.

Қазақ күресінің көркін кіргізіп, көрерменнің делебесін қоздырған нағыз жүйріктер жеңімпаз атанды:

2004-2005 ж.ж.

+73 келі: І орын - Ысқақ Саят (Қызылорда облысы)

-73 келі: І орын - Шырақбай Дулат (Маңғыстау облысы)

66 келі: І орын - Ізбас Мағжан (Маңғыстау облысы)

-60 келі: І орын - Нұрадиллаұлы Ерсұлтан (Қызылорда облысы)

-55 келі: І орын - Базартай Халел (БҚО)

-50 келі: І орын - Нұршайов Нұрым (Атырау облысы)

-46 келі: І орын - Уахитов Жалғас (Атырау облысы)

-42 келі: І орын - Саматұлы Асар (Ақтөбе облысы)

38 келі: І орын - Жолдыбаев Диас (Маңғыстау облысы)

2006-2007 ж.ж.

+60 келі: І орын - Айтбергенов Н (Маңғыстау облысы)

60 келі: І орын - Сағынғалиев Ж (Маңғыстау облысы)

55 келі: І орын - Уалижан А (Атырау облысы)

50 келі: І орын - Джауғанбиев Ғ (Маңғыстау облысы)

46 келі: І орын - Қадыр А (Маңғыстау облысы)

42 келі: І орын - Жылқбаев Б (БҚО)

38 келі: І орын - Жұманов К (Ақтөбе облысы)

35 келі: І орын - Бозжігіт С (Маңғыстау облысы)

32 келі: І орын - Әділ Е (Маңғыстау облысы)

2008-2009 ж.ж.

-50 келі: І орын - Тәңірберген Шыңғысхан (Ақтөбе облысы)

+50 келі: Есқуат Темірлан (Маңғыстау облысы)

-50 келі: І орын - Тәңірберген Шыңғысхан (Ақтөбе облысы)

-46 келі: І орын - Жұмабай Марғұлан (Атырау облысы)

-42 келі: І орын - Байман Жанбек (Маңғыстау облысы)

-38 келі: І орын - Асан Ескендір (Маңғыстау облысы)

-35 келі: І орын - Қайырбекұлы Айболат (Маңғыстау облысы)

-32 келі: І орын - Қайырғали Роллан - (Атырау облысы)

-29 келі: І орын - Серікұлы Мейіржан (Ақтөбе облысы)

-26 келі: І орын - Жанатұлы Ерсұлтан (Атырау облысы)

Жарыс хаттамалары: 2004-2005, 2006-2007, 2008-2009, Жарыс қорытындысы

Теги: beldesu

Спонсоры и партнеры