Сыр елінің балуандары озып тұр

10.02.2017
Сыр елінің балуандары озып тұр
Сарыағашта жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты жалғасуда.

Оңтүстік өңірінде ел бірінішлігі қыза түсті. Жарыстың екінші күнінде боз кілемге жасөспірімдер шықты. Осылайша төрт салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз және жүлдегерлер анықталды. Үш салмақта Қызылорда облысының балуандары Қазақстан чемпионы атанды.

46 кг

І. Әбубәкір Жандос (Қызылорда обл)

ІІ. Бақдәулет Қасымханұлы (ОҚО)

ІІІ. Мирас Тынысбеков (ШҚО)

ІІІ. Нұрқанат Сатыбалды (Павлодар обл)

51 кг

І. Алпамыс Шайқы (Ақтөбе обл)

ІІ. Бақыт Сайлауов (Жамбыл обл)

ІІІ. Ерхан Габбасов (Ақмола обл)

ІІІ. Аймұрат Уалиахметов (БҚО)

57 кг

І. Олжас Оразалыұлы (Қызылорда обл)

ІІ. Бақдәулет Төлешов (Қызылорда обл)

ІІІ. Назар Рақымбаев (ШҚО)

ІІІ. Болат Біләл (ОҚО)

64 кг

І. Абылайхан Жұбаназар (Қызылорда обл)

ІІ. Нұрсұлтан Дастанбек (ОҚО)

ІІІ. Ернат Болысхан (Қарағанды обл)

ІІІ. Дидар Тұмайкен (Павлодар обл)

Ел біріншілігіне барлық аймақтан 200ге жуық балғын балуан қатысуда. Ең үлкен құрам Оңтүстік Қазақстан облысында. Рейтинг бойынша бірінші орында тұрған аймақ үш құрам, сонымен қатар жарысты өткізуші жер ретінде тағы бір құрам қосуға құқылы.



Теги:

Спонсоры и партнеры