КҮШ АТАСЫ - ҚАЖЫМҰҚАН!

23.05.2019
КҮШ АТАСЫ - ҚАЖЫМҰҚАН!
Халықаралық турнир мәресіне жетті!

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде Қазақ халқының даңқты балуаны ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ атындағы қазақ күресінен ересектер арасында Халықаралық турнир өтті.


ҚР тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін дамыту барысындағы ынтымақтастық пен өзара байланысты нығайту мақсатында өтіп жатқан турнирге Моңғолия, Өзбекстан, Ресей елдерінен спортшылар келді. Еліміздің өзге аймақтарынан 12 команда қатысты. Даңқты балуанның құрметіне өтіп жатқан күрес додасында 200-ге жуық балуан бақ сынады.


Өзбекстан, Моңғолия, Ресей елдерінен және Қазақстанның барлық аймағынан келген балуандар ҚР тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін дамыту барысындағы ынтымақтастық пен өзара байланысты нығайту мақсатында өтіп жатқан турнирде күрес көркін қыздырды.

200-ге жуық балуан Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақ халқының даңқты балуаны ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНА арналған турнирде "түйе балуан" жүлдесіне таласты. Нәтижесінде:
І ОРЫН - ӘБДІРАЗАҚОВ РУСЛАН (Алматы қаласы)
ІІ ОРЫН - БЕРДІМҰРАТ СЕРІК (Моңғолия)
ІІІ ОРЫН - ДОРЖ АНАР (Моңғолия)
Жеңіс құтты болсын балуандар!


Турнир хаттамасы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9


Теги:

Спонсоры и партнеры