Халықаралық ашық турнир

22.05.2016
Халықаралық ашық турнир
2016 жылғы мамырдың 21 күні Шымкент қаласында Ішкі істер департаментінің ардагері Оңғарбаев Әнуар Төлегенұлының 90 жыл толуына орай еске алуға арналған ересектер арасында қазақ күресінен I Халықаралық ашық турнирі өткізілді.


Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузияның балуандары қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдері орын алған балуандар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 миллион теңгені құрады: 1-орынға – 3 миллион теңге, 2-орынға – 2 миллион теңге және 3-орынға 1 миллион теңге берілді.
Турнирдің қорытындысы :
1. Тушишвили Гурам (Грузия)

2. Ыстыбаев Бейбіт (Жамбыл облысы)

3. Нұғымаров Айбек (ШҚО)


Турнирдің ұйымдастырушы: Оңғарбаевтар әулеті.

Теги: kures

Спонсоры и партнеры