ДАЛА БАРЫСТАРЫ "ОҢТҮСТІК АҢЫЗДАРЫ" ЭКСПЕДИЦИЯСЫНДА...

22.04.2019
ДАЛА БАРЫСТАРЫ  "ОҢТҮСТІК АҢЫЗДАРЫ" ЭКСПЕДИЦИЯСЫНДА...
"Оңтүстік аңыздары" экспедициясы
Ағымдағы жылдың 20-27 сәуір аралығында Nomad explorer жобасының "ОҢТҮСТІК АҢЫЗДАРЫ" экспедициясы 700 адаммен 7 күнге Оңтүстік өңірге аттанды.
Топырағы тарихқа, даласы дастанға, жері жырға, аспаны аңызға толы Ұлы даланың жеті қырын табуға болатын Оңтүстікке бағыт алған экспедиция құрамына ҚР қазақ күресі федерациясы да қосылды.
Ұлттық спортты жанына серік еткен барыстар мен қазақ күресінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар аңыз даланың сырын ұғуға тырысуда. Көшпелі қазақтардың тұрмысынан сыр шертетін экспедицияға мән мағына беретін ұлттық спорт түрлерінің арасында қазақ күресінің бой көрсетуі заңды.
Ұлы даланы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған батырлардың бүгінгі ізбасарлары аталған экспедиция барысында білек пен білімнің бәйгесін қыздырары анық.
Экспедицияның жұмысына сәттілік тілейміз!
#КүресЕрдіңІсі
#ҰлттықКүресҰлтыңаҮлес

Спонсоры и партнеры