Ақтөбедегі аламан

12.03.2019
Ақтөбедегі аламан
Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтөбеде жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Биылғы біріншілікте жаңалық көп, алдымен соларға тоқталсақ. Бұрын-соңды болмаған қатысушылар саны тіркелді – 490 балуан. Бұның өзіндік себебі де бар, командаларға әр салмақ дәрежесінде 3 спортшыдан, ал Ақтөбе облысына өткізуші аймақ ретінде әр салмақта 4 спортшыдан жарысқа қосуға рұқсат. Осылайша, бұрын ұлдар мен қыздардың санын қосқанда, 200 адамнан әрі аспайтын жарыста бұл жолы қатысушылар саны екі есе асты. Әлбетте, бұл қадамға барудың себебі қазақ күресімен шұғылданатын жастардың санын арттыруда жатыр.

Күрес ережесіне қатысты да өзгерістер бар. Сол себепті Қазақстан қазақ күресі федерациясы жарыс басталмай тұрып барлық төрешілер мен жаттықтырушылардың басын қосып, арнайы семинар өткізді. Жиын барысында жаңа ережелер түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға жауап берілді.


Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетовтың айтуынша, ұлттық күрестен ел чемпионатының өтуі аймақ үшін абырой, оған қоса биыл Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен жастар жылы аясында өткізілгендіктен, орны ерекше. Жарыстың ашылу салтанатында Белай Рахымбаевқа қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы табысталды.

2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың алғашқы күнінде ұлдар арасында 46 кг, 51 кг және 57 кг салмақ дәрежелері бойынша үздіктер анықталды.

46 кг
І. Мұхамед Сембай (Павлодар обл)
ІІ. Асылхан Дүйсенбек (Жамбыл обл)
ІІІ. Әділет Ахметғали (Жамбыл обл)
ІІІ. Елшат Курбанов (Қостанай обл)


51 кг
І. Еркебұлан Жұманәлі (Жамбыл обл)
ІІ. Әділ Төлен (Түркістан обл)
ІІІ. Шыңғысхан Тілепберген (Жамбыл обл)
ІІІ. Жандос Байболсынов (Маңғыстау обл)


57 кг
І. Дамир Кәрім (Алматы обл)
ІІ. Олжас Еренғайыпов (Ақмола обл)
ІІІ. Диас Қожахметов (СҚО)
ІІІ. Жасұлан Ермахан (Түркістан обл)


13 наурыз күні боз кілемге 64 кг, 72 кг, 81 кг және +81 кг салмақ дәрежелеріндегі балуандар шығады. Жарыстың басталуы 10:00де. Ақтөбедегі Қазақстан чемпионаты 15 наурызға дейін жалғасады. Жарыс су жаңа жекпе жек сарайында өтуде.

Теги:

Спонсоры и партнеры