Қазақ күресіне еңбек сіңірген ерен ер еді...

13.12.2018
Қазақ күресіне еңбек сіңірген ерен ер еді...
Желтоқсан айының 12 жұлдызында сұм ажал Аманбаев Мейірхан Тапашұлын 65 жасында арамыздан алып кетті. Күллі ғұмырын спортқа арнаған оның жарқын бейнесі жадымыздан ешқашан өшпек емес.

Мейірхан Тапашұлы 1953 жыл 23 қарашасында өмірге келген. 1972 жылы Жаңаарқа ауданындағы Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, 1972-1976 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында білім алды. 1978-1979 жылдары әскери борышын өтегеннен кейін спорт саласында еңбек етті. 1991 жылдан Көктал орта мектебінің директоры, 2009-2011 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы орта мектептің директоры, 2011 жылдан Атасу спорт мектебінің директоры қызметін абыроймен атқара білді. Спортпен айналыса жүріп, толағай табыстарға қол жеткізді. Ол 1972 жылы қазақ күресінен Қазақстан Республикасыныңбірінші спорт шебері атанды. Қазақ күресінен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Орталық Азия - Қазақстан Спартакиадасының чемпионы. Самбо күресіненРеспублика чемпионы.Қазақстан құрама командасының мүшесі болды.1976 жылы самбо күресінен спорт шебері атағына қол жеткізді.

Бала тәрбиесінде еңбегі елеусіз қалмай, ҚР Білім министірлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2014 жылы ҚР қазақ күресі федерациясының «Қазақ кұресіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі және Алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Қазақ күресі федерациясы, спортшы балуандар, курстас достары Аманбаев Мейрхан Тапашұлының қайтыс болуына байланысты қайғысынаортақтасып, отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Теги:

Спонсоры и партнеры