Іріктеу - Қостанай

24.04.2019
Іріктеу - Қостанай
"Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің іріктеу жарысы өтті.


ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру, ҚР ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларын насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарды іске асыру барысында "Қазақстан Барысы" жобасының алатын орны ерекше.

Еліміздің барлық аймақтарын түгел қамтитын аталған жобаның биылғы жылғы жарыстары да өз жұмысын бастап кетті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне іріктеу жарыстарын Қостанай облысы бірінші болып өткізді.

Бүгін Қостанайда өткен іріктеу жарысында 19 балуан бақ сынады. Бабы мен бағы сынға түскен балуандарды тәжірибелі төрешілер анықтады. Іріктеу жарыстарының қорытындысы төмендегідей болды:

І орын - Балғынбаев Ғабит

ІІ орын - Абдиров Асылбек

ІІІ орын - Қосмағанбетов Дәулетхан.

Іріктеу жарыстарында төрелік жасаған мамандар мен балуандарға, жүлдегер атанған барыстарға табыс тілейміз!

Теги: kures

Спонсоры и партнеры