"Сұраншы батыр" турнирі өтті!

06.09.2019
"Сұраншы батыр" турнирі өтті!
Қазақ күресінен 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында«Сұраншы батырды» еске алуға арналған турнирі өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру, қазақ батыры Сұраншы батыр Ақынбекұлының ерлігін кең көлемде насихаттау, Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, астарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел халқы арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту, Қазақстан Республикасының облыс, қала, аудан, ауылдарында ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде қазақ күресін дамытуды кеңінен тарату, Республикада Қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу және халықаралық аренадағы беделін көтеру мақсатында өткен турнир мәресіне жетті.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы батыр ауылының спорт кешенінде өткен шараны ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы бекіткен төрешілер алқасымен ұйымдастырды.

Жарысқа 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Жарыс 2019 жылғы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының бекіткен ережеге сәйкес өткізілді.

Командалық есепте женімпаздар мен жүлдегерлер:

1 орын- Жамбыл облысы

2 орын- Қызылорда облысы

3 орын – Шымкент қаласы

Жарыс хаттамалары: 46, 51, 57, 64, 71, 76, 81, +81

Теги:

Спонсоры и партнеры