Т.КӨМЕКБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ!

09.05.2019
Т.КӨМЕКБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ!
Т.Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирі аяқталды.

Тәйімбет Көмекбаев 1942 жылы соғысқа алынып, I Украина майданы 21-армия 128-атқыштар дивизиясы құрамында шайқасты. Жау шебіне талай аттанған барлаушы майданда ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Ол 1945 жылы алғашқылардың қатарында Одер өзенінен өтіп, оның батыс жағалауындағы плацдармды ұстап тұрған жауынгерлер қатарында жау шабуылын тойтаруға катысты. Бриг қаласына шабуыл барысында жаудың станокты пулеметін, 60 әскерін жойып, 12 гитлершіні тұтқынға алды. Осы ерлігі үшін Т.Көмекбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1945 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Халықаралық сайысқа көтерілген додаға биыл елімізден бөлек Армения, АҚШ, Әзірбайжан, Белоруссия, Болгария, Ұлыбритания, Грузия, Германия, Греция, Жапония, Иран, Ирландия, Израиль, Қырғызстан, Корея, Латвия, Литва, Молдавия, Моңғолия, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты. Турнир аясындағы жекпе-жектерден кейін балуандар абсолютті салмақта «Түйе палуан» жүлдесі үшін күресті.

Мемориал соңында жылдағы дәстүрмен жарыс демеушілерінің ұйымдастыруымен өткізілген түйе палуандар сайысына қатысқан 16 түйе палуан топ бойынша өзара белдесулер өткізіп, ақтық белдесуге шыққан Мақсат Исақабылов шымкенттік Нұрдәулет Мыңғышовты таза жеңіп, демеушілер тағайындаған 2 млн, теңгені қанжығасына байлады. Ал, ІІ және ІІІ орын иегерлері шымкенттік Нұрдәлет Мыңғышов пен ресейлік Аслан Калибаевтар да ақшалай жүлдемен марапатталды.

Жарыс хаттамасы: +90

Тегтер: beldesu

Демеушілер мен серіктестер