Тұңғыш кубок иегері - "Жекпе-жек" спорт клубы!

05.08.2019
Тұңғыш кубок иегері - "Жекпе-жек" спорт клубы!
КҮРЕС - КУБОК - "ЖЕКПЕ - ЖЕК"!

Бүгін қазақ күресінен спорт клубтар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогы тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында мәресіне жетті.

Жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық күресін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру үшін және отандық аудиторияның қазақ күресіне, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Кубокты ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қойылған мақсаттардың бірі - жұртшылықтың қазақ мемлекеттілігінің өркендеу дәуірі, мәдениеті мен дәстүрлері туралы хабардарлығын арттыру болды.
Кубокқа Қазақстан Республикасы бойынша қазақ күресінің клубтық командалары шақырылды, оның ішінде қазақ күресінен мамандандырылған мемлекеттік және жеке спорт клубтары мен ЖОО-ның клубтары шақырылды.

Аталған шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Солтүстік Қазақстан облысының қазақ күресі федерациясы" ҚБ және "Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы" ұйымдастырды.

Іс - шараны салтанатты түрде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы ашты. Сондай-ақ, ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Сәбитов Бақдәулет Маратұлы балуандарға сәттілік тіледі.

Кубок 7 салмақ (-55, -60, -66, -74, -82, -90, +90) дәрежесі бойынша сарапқа салынды. Осы қазақ күресінен спорт клубтары арасындағы ҚР Кубогына қатыспаған спорт клубы ағымдағы жылдың Конфедерация кубогының іріктеу жарысына қатыстырылмайды.
Жарыс ҚР қазақ күресі федерациясының 2019 жылы бекіткен ережесіне сәйкес өткізілді. Балуандар "бетпе-бет" схемасында, олимпиадалық жүйе бойынша белдесті.

Тұңғыш кубокты "Елорда Батыры" (Нұр-Сұлтан қаласы), "Qazaq kuresi" (Алматы қаласы), "Қазақ күресі" (Қарағанды қаласы), "ҚР Орталық армия спорт клубы (ЦСК)", "ЗАК КАР" (Қарағанды облысы), "Жекпе - жек" (Жамбыл облысы), "Қызылжар Арландары" (СҚО) спорт клубтары өзара сарапқа салды.

Нәтижесі:
І орын - "Жекпе - жек" спорт клубы (Жамбыл облысы)
55 келі - Сазанбай Асылан
60 келі - Сүлеймен Ернұр
66 келі - Мызанов Нұрболат
74 келі - Оңалбай Жумадулла
82 келі - Умирзақов Абдурахман
90 келі - Пахридинов Дәулет
+90 келі - Қырықбай Ғалымжан

ІІ орын - "Qazaq kuresi" спорт клубы (Алматы қаласы)
55 келі - Ниетбай Дәулет
60 келі - Нигматуллаев Марат
66 келі - Ілесбек Олжасбек
74 келі - Туленбай Қасымхан
82 келі - Сахан Әбдіқасым
90 келі - Жанатаев Ерасыл
+90 келі - Нуралинов Дәурен

ІІІ орын - "Қызылжар Арландары" спорт клубы (СҚО)
55 келі - Мұханбетжанов Әлішер
60 келі - Берекетов Мейіржан
66 келі - Искаков Қуаныш
74 келі - Рахимов Мейірбек
82 келі - Қойшыбаев Еламан
90 келі - Музаппаров Ерсұлтан
+90 келі - Тұрсынов Мұхит
#ҚРҚазақКүресіФедерациясы

Жарыс хаттамасы

Тегтер: beldesu

Демеушілер мен серіктестер