ҚРЧ - 2019

18.06.2019
ҚРЧ - 2019
Қазақ күресінен ҚР чемпиондары анықталды!

Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының күнтізбесіндегі маңызды чемпионат мәресіне жетті. Қазақ күресінің қанат жаюына бірден-бір әсер ететін күнтізбедегі маңызды жарыстардың бірі - чемпионат! Қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар (жігіттер және қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ағымдағы жылдың ең мықтыларын анықтады. Өз салмақтарында 2019 жылдың үздігі болу үшін барын салған балуандар керемет күрес көрсетті. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында өткен қазақ күресінің додасына еліміздің барлық өңірінен балуандар келді. Қазақ күресінің дамуы, олимпиада биігіне шығуы барша қазақтың арманы. Бұл арман-мақсаттың межесіне жету жолы қазақ күресімен айналысушылар қатарының өсуіне тікелей байланысты. ҚР қазақ күресі федерациясы күнтізбесіндегі жарыстарға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Ұлттық спортымыздың сабына бұрымды балуандардың қосылуы да көңіл қуантады. Қарағанды облысында өтіп жатқан ел чемпионатына 257 балуан қатысты. Ерлер арасында 206 балуан бақ сынаса, қыздар арасында 51 бұрымды боз кілемге шықты.

Ағымдағы жылдың үздіктерін анықтаған чемпионат қорытындысы бойынша екі 1 орын, төрт 2 орын, үш 3 орын алған Қызылорда облысы бірінші орынға шықты. Екінші орында Қарағанды болса, 6 орынмен Шымкент қаласы үштікке енді.

ТҮЙЕ БАЛУАН
І ОРЫН - ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ ӘДІЛХАН (Қарағанды облысы)
ІІ ОРЫН - БАУБЕКҰЛЫ ЖАНСҰЛТАН (Шымкент қаласы)
ІІІ ОРЫН - АЛМАХАНОВ СПАНДИЯР (Қызылорда облысы)
ІІІ ОРЫН - АМРИ БАГУСТАР (Павлодар облысы)

55 келі салмақ дәрежесі:

І ОРЫН - САҒЫНТАЙ НҰРЛЫ (Қарағанды облысы)

ІІ ОРЫН - ЖАМБЫЛ АСЫЛБЕК (Шымкент қаласы)
ІІІ ОРЫН - НҰРЖАУОВ НАУРЫЗБАЙ (Нұр-Сұлтан қаласы)
ІІІ ОРЫН - ТҰРМАХАНБЕТ ҚАЛМҰХАН (Шымкент қаласы)
60 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - СҮЛЕЙМЕН ЕРНҰР (Жамбыл облысы)
ІІ ОРЫН - УАЛИЕВ МИРАС (Алматы облысы)
ІІІ ОРЫН - БЕЙСЕНБАЕВ ЖАНДОС (Қарағанды облысы)
ІІІ ОРЫН - ЖАМБЫЛ МАДИЯР (Түркістан облысы)

66 келі салмақ бойынша

І ОРЫН - ЕРЖАН МҰХАМЕТӘЛИ (Нұр - Сұлтан қаласы)

ІІ ОРЫН - ДҮЙСЕТАЙ МАҒДИ (Қарағанды облысы)
ІІІ ОРЫН - ХАВДРАСОЛ СЕРІКБОЛ (Қарағанды облысы)
ІІІ ОРЫН - МЫРЗАНОВ НҰРБОЛАТ (Жамбыл облысы)
74 келі салмақ бойынша
І ОРЫН - АРҒЫНОВ ЕРЗАТ (ШҚО)
ІІ ОРЫН - ҚАЗЫМБЕК АҚЖОЛ (Қостанай облысы)
ІІІ ОРЫН - ОҢАЛБАЙ ҒАБДОЛЛА (Алматы қаласы)
ІІІ ОРЫН - ОНАЛБАЙ ЖҰМАДУЛЛА (Жамбыл облысы)
82 келі салмақ бойынша
І ОРЫН - АҚЫЛБЕКОВ САНЖАР (ШҚО)
ІІ ОРЫН - САҚТАҒАНОВ ЕҢБЕК (Қызылорда облысы)
ІІІ ОРЫН - ЖАРҚЫНБАЕВ РУСЛАН (ШҚО)
ІІІ ОРЫН - ЕРМЕКОВ БЕКЗАТ (Қарағанды облысы)
90 келі салмақ дәрежесі
І ОРЫН - КЕҢЕС МАРАТ (Алматы қаласы)
ІІ ОРЫН - ЗӘРУТАЙ РАУАН (ШҚО)
ІІІ ОРЫН - ДАРИЯЛОВ НҰРБЕК (Қызылорда облысы)
ІІІ ОРЫН - БЕРДІҒАЛИ МЕРЕЙ (Алматы қаласы)
100 келі салмақ дәрежесі
І ОРЫН - МЕНДЕШОВ БЕКАЙДАР (БҚО)
ІІ ОРЫН - АЛМАХАНОВ СПАНДИЯР (Қызылорда облысы)
ІІІ ОРЫН - САЙЛАУБЕКОВ ТИМУР (Қызылорда облысы)
ІІІ ОРЫН - ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ ӘДІЛХАН (Қарағанды облысы)
+100 келі салмақ дәрежесі
І ОРЫН - ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ НҰРСҰЛТАН (Шымкент қаласы)
ІІ ОРЫН - ШЕЙНЕР ТЕМІРЛАН (Алматы қаласы)
ІІІ ОРЫН - ТӨЛЕ АМАНЖОЛ (Нұр-Сұлтан қаласы)

ІІІ ОРЫН - АМРИ БАГУСТАР (Павлодар облысы)

Қыздар бойынша:

48 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - ЖОЛАМАНОВА АЙСҰЛУ (Қостанай облысы)
ІІ ОРЫН - ХАСЕНОВА МАЛИКА (Қарағанды облысы)
ІІІ ОРЫН - ЗЕЙНОЛЛАҚЫЗЫ АЯНА (Алматы қаласы)
ІІІ ОРЫН - ҚАЛДЫБЕК БАЛКҮМІС (Шымкент қаласы)
52 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - БИКЕН ДИНАРА (Алматы облысы)
ІІ ОРЫН - ХАЙРУЛЛИНА ЕЛЕНА (Ақмола облысы)
ІІІ ОРЫН - БИЛЯЛОВА ЖАНАР (Павлодар облысы)
ІІІ ОРЫН - ҚАБДҰЛМӘЖІТҚЫЗЫ АЙСҰЛУ (ШҚО)
57 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - АМАНБАЕВА ЖАНСАЯ (Қостанай облысы)
ІІ ОРЫН - ЖОЛДАСОВА ДИНАРА (Алматы облысы)
ІІІ ОРЫН - АҚШАЙКОВА РЫСАЛДЫ (ШҚО)
ІІІ ОРЫН - БАЯНОВА ЗУЛЬФИЯ (Қызылорда облысы)
63 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - УРИНБАЕВА ГУЛЗАТ (Қызылорда облысы)
ІІ ОРЫН - ҚАНЗАДА АРАЙЛЫМ (Қызылорда облысы)
ІІІ ОРЫН - ҚОЙБАҒАР МӨЛДІР (Алматы қаласы)
ІІІ ОРЫН - ЖАНҰЗАҚ ПЕРИЗАТ (Түркістан облысы)
70 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - АЛМАҒАМБЕТ ГҮЛДЕРАЙЫМ (Қызылорда облысы)
ІІ ОРЫН - БЕКЕТ ҚАЛДЫГҮЛ (Қостанай облысы)
ІІІ ОРЫН - САНАЛБЕК МАҚПАЛ (Алматы облысы)
ІІІ ОРЫН - КЕНЖЕҒАЛИЕВА МАИЯ (Қостанай облысы)
78 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - АМАНХАНОВА ҒАЛИЯБАНУ (Шымкент қаласы)
ІІ ОРЫН - НҰРТАС АЛИСА (Қызылорда облысы)
ІІІ ОРЫН - ЕРАЛИЕВА ПЕРИЗАТ (Жамбыл облысы)
ІІІ ОРЫН - АШИРБЕКОВА МӨЛДІР (Алматы облысы)
+78 келі салмақ дәрежесі:
І ОРЫН - АБЕНОВА АРАЙЛЫМ (Алматы қаласы)
ІІ ОРЫН - ТАБУЛОВА ЖАНАР (Ақмола облысы)
ІІІ ОРЫН - АХМЕТЖАЕОВА МӨЛДІР (БҚО)
ІІІ ОРЫН - СУЮНДЫКОВА ШЫНАР (Атырау облысы)

Жарыс хаттамасы: 48 қыздар, 52 қыздар, 57 қыздар, 63 қыздар, 70 қыздар, 78 қыздар, +78 қыздар

+100, 100, 90, 82, 74, 66, 60, 55, ТБ

Жалпы қорытынды: ЖҚ

Демеушілер мен серіктестер