ҚР Кубогі мәресіне жетті!

06.05.2019
ҚР Кубогі мәресіне жетті!
Қазақ күресінен ересектер (ерлер және әйелдер) арасында ҚР Кубогі өз мәресіне жетті!

Қазақ күресінен ересектер (ерлер және әйелдер) арасында

ҚР Кубогі өз мәресіне жетті!

Республикада қазақ күресін бұқаралық негізде дамыту және оны халықаралық жарыстың дәрежесіне дейін жеткізу, қазақ күресі арқылы салауатты өмірді насихаттау және адамдардың денсаулығын нығайту, қазақ күресі негізінде басқа спорт түрлеріне лайықты ізбасарлар дайындау, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында Қазақ күресіне ересектер арасында (ерлер және әйелдер) Қазақстан Республикасының Кубогы үшін 1-5 мамыр аралығында өткен жарыс өз мәресіне жетті.
Ерлер 8 салмақ және "Түйе балуан" бойынша, бұрымдылар 7 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Нәтижесінде 55 келі салмақта жеңімпаз атанғандар: І орын - Д.Ниетбай (Алматы қаласы), ІІ орын - Т.Ғайып (Нұр-Сұлтан қаласы), ІІІ орын - Ә.Муханбетжанов (Қостанай облысы), Н.Тұтқышев (Қарағанды облысы).
60 келі салмақ дәежесі бойынша І орынды Е.Еренкайыпов (Алматы облысы), ІІ орынды М.Нигматуллаев (Алматы қаласы), ІІІ орынды С.Әшім (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Е.Хуанбай (Қарағанды облысы) алды.
66 келі салмақ бойынша белдескен балуандардан Ғ.Қырғызбаев (Алматы қаласы) І орын, Д.Бекесов (Алматы облысы) ІІ орын, О.Ілесбеков (Алматы қаласы) пен С.Құмар (ШҚО) ІІІ орын иегері атанды.
74 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар арасындағы сында І орынды Ғ.Абдирахманов (Қызылорда облысы), І орынды Б.Елібай (Алматы қаласы), ІІІ орынды Е.Арғынов (ШҚО) пен А.Ғалымов (Қарағанды облысы) алды.
82 келі салмақ бойынша І орын - А.Сахан (Алматы қаласы), ІІ орын - Ж.Есенов (Қызылорда облысы), ІІІ орынды Б.Қайырбек (СҚО "Қызылжар арландары") және Е.Ерғантай (Павлодар облысы) өзара бөлісті.
Ал, 90 келі салмақта І орынды Шығыс Қазақстан облысының балуаны А.Ахметжанов, ІІ орынды павлодарлық М.Дәлелханұлы, ІІІ орынды Атырау облысынан Р.Ізғалиев пен Алматы қаласынан Е.Насиев иеленді.
100 келі салмақтағы спортшылардан І орын - М.Тұрсыновқа (СҚО "Қызылжар арландары"), ІІ орын - Б.Ахметбековке (Қарағанды облысы), ІІІ орынды Д.Дарханға (Түркістан облысы), Б.Қабайға (Алматы қаласы) тиесілі болды.
+100 келі салмақ дәрежесінде күрескен балуандар арасында Д.Нуралинов (Алматы қаласы) І орын, Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) ІІ орын, О.Шынкеев (Нұр-Сұлтан қаласы) пен М.Исағабылов (Қызылорда облысы) ІІІ орын алды.
Ал, "Түйе балуан" атағы үшін белдескен 42 балуанның арасынан маңғыстаулық Н.Жарылғапов І орын, нұр-сұлтандық О.Шынкеев ІІ орын, СҚО "Қызылжар арландары" клубының балуаны Р.Джумаев пен қостанайлық Р.Дәуіт ІІІ орынды өзара бөлісті.

Қыздар арасындағы сында жүлдегер атанғандар төмендегідей:
48 келі салмақ дәрежесі: І орын - М.Алпысбай (Қызылорда облысы), ІІ орын - Н.Қасымжанова (Қостанай облысы), ІІІ орын - Д.Жакенова (Алматы облысы).
52 келі салмақ дәрежесі: І орын - А.Телемгенова (БҚО), ІІ орын - Е.Хайруллина (Ақмола облысы), ІІІ орын - Б.Дюсембаева (Нұр-Сұлтан қаласы), А.Ермаш (Қызылорда облысы).
57 келі салмақ дәрежесі: І орын - Г.Ерболова (Алматы облысы), ІІ орын - Б.Қосақбаева (Ақтөбе облысы), ІІІ орын - С.Дулатова (Жамбыл облысы), З.Баянова (Қызылорда облысы).
63 келі салмақ дәрежесі: І орын - Д.Жұмабаева (Алматы облысы), ІІ орын - Г.Дүкенбай (Жамбыл облысы), ІІІ орын - С.Төрен (Қызылорда облысы), Ұ.Дюсембаева (Нұр-Сұлтан қаласы).
70 келі салмақ дәрежесі: І орын - Ж.Набиева (Алматы облысы), ІІ орын - И.Бақтыберлиева (Шымкент қаласы), ІІІ орын - В.Тамабек (Жамбыл облысы), А.Байзақ (Қызылорда облысы).
78 келі салмақ дәрежесі: І орын - А.Амангельдиева (Шымкент қаласы), ІІ орын - Н.Маратова (СҚО (Қызылжар арландары"), ІІІ орын - П.Ералиева (Жамбыл облысы), Р.Қалдыбаева (Маңғыстау облысы).
+78 келі салмақ дәрежесі: І орын - Г.Көбей (Шымкент қаласы), ІІ орын - Г.Ұзақбаева (Нұр-Сұлтан қаласы), ІІІ орын - Б.Асентай (Қарағанды облысы), Т.Мұқанова (Нұр-Сұлтан қаласы.

Жарыстың соңғы күні 14 облыстың ерлер командасы Кубокке таласты. Бабы келіскен балуандар өз өңірлерінің намысын жеке дара емес, топтық негізде қорғады.
Еліміздің барлық өңірінен келген балуандардың топтық күресінде І орынды Алматы қаласы, ІІ орынды ШҚО, ІІІ орынды СҚО "Қызылжар арландары" мен Шымкент қаласы командалары иеленді.
Ал қазақ күресінен тұңғыш рет әйелдер арасында өткен топтық жарыста 5 облыстан шыққан бұрымды балуандар күресінің нәтижесінде І орынды Алматы облысы, ІІ орынды Нұр-Сұлтан қаласы, ІІІ орынды Шымкент қаласы мен Ақмола облысы командалары алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Қ.Рамазанова, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғ.Құлекешов, "Зак Кар" қазақ күресі спорт клубының президенті А.Зикиров, Ұлттық дәрежедегі төреші Е.Иманғалиев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ш.Тұрсынов, ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Б.Сәбитов, СҚО "Қызылжар арландары" қазақ күресі клубының директоры Е. Мырзабосынов, ҚР аға жаттықтырушысы Ғ.Ақмұрат құттықтады.

Жарыс хаттамалары: 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг, Команда Ерлер, 48 кг әйелдер, -52 кг әйелдер, -57 кг әйелдер, -63 кг әйелдер, -70 кг әйелдер, -78 кг әйелдер, Команда әйелдер, Жалпы қорытынды

Демеушілер мен серіктестер